Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Комитет туралы ереже

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль

жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
  2. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 14 тамыздағы №570 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 24 тамызда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
  1. осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
  2. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 2 - тарауы 15 - тармағының 14) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Индустрия

және инфрақұрылымдық даму министрі

Ж. Қасымбек

 

Жарияланған: 03.10.2014
Жаңартылған: 27.09.2019
© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті