Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

2015 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТ

2015 жылы республикалық маңызы бар автокөлік жолдарын дамытуға, жөндеуге және қамтамасыз етуге 343,2 млрд. теңге бөлінді. Бөлінген қаражат есебінен 3 мың км аса автожол барлық жол-құрылыс түрлерімен қамтылған.

Құрылыс пен қайта құруға 302,2 млрд. теңге, оның ішінде Нұрлы жол жобасына – 289,1 млрд. теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттардың аясында Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс, Алматы – Өскемен, Астана – Петропавл, Омск – Павлодар, Астана-Қостанай-Челябинск, Таскеске-Бахты, Жезқазған-Петропавл жобаларын жүзеге асыру жалғастырылған.

Бұдан басқа Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Астана-Петропавл-РФ шекарасы, Астана қ. Оңтүстік-Батыс айналма жолы, Бейнеу-Ақжігіт, Щучинск-Зеренді, Ұзынағаш-Отар жобаларын жобалық-сметалық құжаттамасы мен тезникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу жүргізілуде.

6 айдың ішінде 121,4 млрд. теңге немесе 40% игерілген.

Жөндеу жұмыстарын өткізуге 41 млрд. теңге бөлінген. Бөлінген қаражаттардың есебінен жөндеу жұмыстары 1136 км, оның ішінде күрделі жөндеу – 100 км және орташа жөндеу – 1036 км қамтыды.

6 айдың ішінде 14 млрд. теңге немесе 34% қамтылған.

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті