Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2008/19

Жергілікті кәсіпкерлерді жол бойындағы сервисті дамытуға тарту

«QazAvtoJol» ҰК» АҚ қызметкерлері жұмыс сапарымен Маңғыстау, Атырау Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында болып қайтты. Шара аясында жұмыс тобы әкімдіктердің өкілдерімен, шағын, орта және ірі бизнес субъектілерімен, сонымен қатар «Атамекен» ҰКП-ның жергілікті өкілдерімен жиын өткізді.

Кездесуде жол бойындағы сервис нысандарын дамыту, оларды Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкестендіру, жол бойындағы кешендерге жер бөлу және қажетті коммуникацияларды тарту мәселелері талқыланды.

Осылайша, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ қызметкерлері Қарағанды облысының Осақаров ауданында жергілікті әкімдіктің қолдауымен жүзеге асырылатын «А» санатындағы жол бойындағы сервис нысанының сынамалы жобасын таныстырды. Мұнда аукцион әдісі арқылы жалпы ауданы 5,8 га болатын жер учаскелері жол бойында кемпинг, қонақ үй, сауда орындарын, техникалық қызмет көрсету стансасын, автокөліктерді жуу орындарын, заманауи дәретханаларды, жеңіл және жүк автокөліктеріне арналған тұрақтарды салуды жоспарлаған 11 кәсіпкерге сатылды.

Бұдан бөлек, ҚР Үкіметі БҰҰ ДБ «Қалпына келетін қуат көзі жобаларына инвестиция салудағы тәуекелді азайту» жобасының аясында әлеуетті инвесторларға 350 млн теңгеге дейінгі қаржыландыруға қатысу ұсынылады. Қаржыландырудың шарттары бойынша жылдық мөлшерлеме 19% құрайды. Оның 10%-н «Даму» қоры субсидиялайды. Сонымен қатар, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ қызметкерлері «Baiterek Venture Fund» АҚ мен екінші деңгейдегі банктердің көмегімен жүзеге асырылып жатқан қаржыландыру бағдарламасы туралы айтып берді.

Шараның қорытындысы бойынша жол бойындағы сервис нысандарын қалпына келтіру, ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру жұмыстарын белсендендіру, сондай-ақ, кәсіпкерлерге арналған интерактивті картаны дайындау және Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарындағы жол бойында сервис нысандарын салу мақсатында 5 жер учаскесін әлеуетті инвесторларға тапсыру бойынша нақты ұсыныстар енгізу жөніндегі шешім шығарылды.

 

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті