Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0805/19
О ходе работ по реконструкции автодороги «Талдыкорган - Калбатау - Усть-Каменогорск»

«Талдықорған - Қалбатау – Өскемен» автожолын қайта жаңарту жұмыстары жайлы

Қазіргі уақытта Талдықорған қаласынан Өскеменге дейін ұзындығы 313,5 км құрайтын автожолды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бас мердігер CITIC Construction Co, LTD компаниясы болып табылады. Бүгінде жолшылар айналма жолдарды салу жұмыстары жүргізуде. Негізгі көлік жолының өсімдік қабатын алу, ескі жол жабындысын фрезерлеу жұмыстары басталды, су өткізгіш құбырлары орнатылуда. Бұдан басқа құм, битум және темір бетон бұйымдары дайындалуда.

Қайта жаңартудан кейін автомобиль жолының 31 шақырымы I-ші «б» санатына, ал қалған 282 шақырымы ІІ санатқа келтіріледі. Бұл учаскеде екі деңгейлі қос жол айрығы салынады, 21 көпір мен 404 су өткізу құбыры қайта жаңартылады.

Аталған автожол учаскесі Алматы облысы Алакөл көлінің туристік кластеріне енген. Былтыр жолдың осы бөлігінен 1,2 млн. отандық және шетелдік турист өткен. Ағымдағы жылы 1,5-1,8 млн. адам көлемінде турист жүреді деп күтілуде.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті