Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1202/19
Ведутся работы по проверке состояния водохранилищ,  дамб, опасных участков дорог и мостов

Су қоймаларының, бөгеттердің, қауіпті жол учаскелерінің және көпірлердің жай-күйін тексеру жұмыстары жүргізілуде

Бұл жөнінде ҚР Үкіметінің су тасқыны кезеңіне дайындық туралы  отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын су тасқыны кезеңіне дайындау мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілді. Орталық және өңірлік деңгейде Автомобиль жолдары комитетінің, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының, «Қазақавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдерінен, сондай-ақ олардың облыстық филиалдарының өкілдерінен су тасқынының алдын алу жөнінде комиссиялар құрылды.

«10 ақпаннан бастап тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды және күн сайын жолдар мен жол құрылыстарын патрульдеу жүргізіліп, су тасқыны қаупі бар 472 учаскелер және 713 құбырлар мен 83 көпірлер бақылауға алынды. Бұл учаскелерге бүгінгі күні 550 бірлік қажетті жол техникасы бекітілді.» - деді Жеңіс Қасымбек.

Су тасқыны кезеңіне уақтылы дайындықты ұйымдастыру үшін Іс-шаралар жоспарына сәйкес бүгінгі күні жол материалдары, яғни 254 мың тонна жанар-жағар май (60%), 6,8 мың м3 құм (47%), 2,1 мың м3 тас (75%), 9,5 мың м3 ұсақталған тас (68%) және темірбетонды конструкциялар қоры құрылды.

Су тасқынына қарсы шараларды атқару кезінде өңірлердегі климаттық жағдайлар, сонымен қатар өткен жылдардағы су тасқыны кезеңі қорытындылары ескеріледі.

Пойыздар үздіксіз және қауіпсіз жүру үшін  «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ 1 наурызға дейін оңтүстік өңірде, 15 наурызға дейін батыс және шығыс өңірлерде, ал 1 сәуірге дейін солтүстік аймақта қажетті материалдар мен конструкциялар тиелген 42 арнайы пойыз дайындайтын болады.

«Жолдар мен жасанды құрылғылардың қауіпсіздігін және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін техникалық шаралар әзірленеді және қауіпті жерлердің тізімі жасалып жатыр. Аумақтық ұйымдармен бірлесіп су қоймаларының, агротехникалық бөгеттердің жай-күйін тексеру, сондай-ақ күрделі жағдай туындаған кезде облыстық төтенше жағдайлар бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау жұмыстары жүргізілуде.» деп министр хабарлады министр.

Су тасқыны қаупі кезеңінің басталуына дейін көпірлердің, құбырлардың су жүретін жолдарын тазарту жұмыстары жоспарланған.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті