Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0810/19
В октябре в тестовом режиме дорогу «Щучинск-Кокшетау-Петропавловск» сделают платной

«Щучье-Көкшетау-Петропавл» автожолы тесттік тәртіпте қазан айынан бастап ақылы болады

Республикалық маңызы бар «Щучинск-Көкшетау-Петропавл» автожолында зияткерлік көліктік жүйе элементтері бар төлем қабылдау жүйесі қазан айында енгізіледі деп жоспарлануда.

Ашық жүйе шлагбаумдарды алуды; онлайн төлемді қарастырады. Бұл ретте ақылы учаскедегі жүргізушілердің жеке жауапкершілігі айтарлықтай арта түседі. Ақылы жүйені енгізудің артықшылықтарына мыналар жатады: қолайлы жағдайлар; жол қозғалысының жоғары жылдамдығы; ақылы жол бойын тәулік бойы патрульдеу; ақылы жолдың күтіліп ұсталануы.

Жолдың ақылы болуына орай Ұлттық оператор – «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ төлем қабылдау жүйесін енгізу жөніндегі қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

Қоғамдық тыңдаулардың барысында ақылы жүйені енгізудің мақсаты мен артықшылықтары, төлем қабылдау жүйесінің жұмыс істеу тәртібі, төлем жасаудың түрлері, төлем мөлшерлемелері, төленетін сома мөлшерін есептеу және ақылы автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормалары талқыланады.

Шараға жергілікті атқарушы органдардың, бизнес қауымдастықтардың, БАҚ өкілдері, Көкшетау, Щучинск, Петропавл қалалары мен Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары және мүдделі азаматтарын, «Щучинск-Петропавл» учаскесіне қарасты елді мекендердің тұрғындары шақырылды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті