Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2709/19
Путепровод на станции Шамалган планируется построить в 2020 году

Шамалған станциясындағы жол өткелі 2020 жылы салынады деп жоспарлануда

Шамалған станциясындағы теміржол өткелінде орын алған төтенше оқиғаны ескере отырып, сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша аталмыш станциядағы жол өткелінің құрылысына қаржы қарастырылды.

Қазіргі таңда Шамалған станциясындағы жол өткелінің құрылысына жобалық-ісздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталмыш жұмыстар 2020 жылдың сәуір айында аяқталады деп жоспарлануда.

Құрылыс-монтаждық жұмыстар жоспар бойынша 2020 жылдың соңына дейін аяқталмақ.

Қазақстанның автомобиль жолдарында теміржол арқылы өтетін 1058 қиылыс бар.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті