Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2208/19

Мамандар Ақмола облысына қарасты Қосшы кентіндегі жолдардың сапасын тексерді

ҚР Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» РМК мамандары  қоғам белсенділерінің ұсынысымен Қосшы кентіне сапарлады. Мұнда БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері ауылдағы көше жолдарын жөндеу, құрылыста жұмсалатын материалдардың сапасын тексеру жұмыстарының барысымен танысты.

Мамандардың назары елді мекендегі 12 көше жолының құрылысына аударылды. Тапсырыс беруші – Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігі. Тексеріс барысында асфальттың үгітілуі байқалды. Жол жабындысының сынамасын алған мамандар көптеген олқылықтардың бар екендігін анықтады: жолдың негізгі қабатын төсеу кезінде цементтің қолданылмауы, жол жабындысының талапқа сай еместігі және т.с.с.

Бұған дейін Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы аталмыш көшелердің жолдарынан 60-тан астам сынама үлгілерін зертханада тексеріп, 13 материалдың жобалық талаптарға сәйкес келмейтіндігін анықтаған еді. Көшпелі зертханада жасалған зерттеу республикалық  БАҚ өкілдеріне бірқатар олқылықтың барын көрсетті. Мәселен, табиғи құм-қиыршық тас орнына ұсақталған құм салынса, ортаңғы және жоғарғы қабаттардың арасына битум эмульсиясы салынбаған.

«Мердігер компанияға айтылған сын мен сараптама қорытындысының дұрыс екендігін біз өз көзімізбен көрдік. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы мамандарының пайымынша, мұнда өрескел бұзушылықтар орын алуда. Жергілікті әкімдікке хаттар жолданғанымен, мәселе өз шешімін таппай отыр. Көргенімізге өз бағамызды берсек: жолдың негізгі қабатының сапасы сын көтермейді. Бұл өз кезегінде жолдың алдағы уақытта одан әрі тозуына әкеп соғады»,  – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арнайы мониторингтік тобының мүшесі Мұсағали Дуамбеков.

Мердігер ұйымға барлығы 20-дан астам ескерту жасалды. Жоба құны 2 млрд теңгені құрайды. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Бас директорының міндетін атқарушы З. Сагинов қоғам белсенділерінің қатысуымен ұйымдастырылған шараның алғаш рет өткізілгендігін атап өтті. Оның айтуына қарағанда мұндай рейдтер еліміздің барлық аймақтарында жалғасын таппақ.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті