Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0503/19
 Глава МИИР РК Р. Скляр: реализация программы «Нұрлы жол» дала экономике Казахстана значительный социально-экономический эффект

ҚР ИИДМ басшысы Р. Скляр: «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру ел экономикасына әлеуметтік-экономикалық оң әсерін тигізді

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауқымды автожол жобаларын іске асыру жалғасуда. Биыл 4,4 мың км автожол қайта жаңғыртылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымыдық даму министрі Роман Скляр хабарлады.

«Қарағандыдан Алматыға дейін және Ақтөбеден Ресей Федерациясы шекарасына (Астраханьға) дейін құрылыс жұмыстары басталады. Жыл соңында қайта жаңғыртылған 654 шақырым автожол қозғалысын ашу жоспарлануда. Республикалық маңызы бар 1,6 мың шақырым автожол жөнделеді», - деп атап өтті Роман Скляр.

Бәсекеге қабілеттілік  глобалды индексінде автомобиль жолдары жағдайының рейтингі статистикалық көрсеткштері бойынша 59-шы орында.

Сонымен бірге, арнайы сауалнама тәсілі көрсеткендей халықтың жергілікті жолдардың жағдайына қанағаттану деңгейі 106-шы орында тұр. Осыған байланысты, аймақаралық инфрақұрылымды жүйелік дамыту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жергілікті автожолдарды қаржыландыру 2018 жылы паритеттік негізде 156 млрд. теңгеге дейін жеткізілді, ол 4 мың шақырымнан астам жолды жөндеуге мүмкіндік берді.

«Биылдан бастап қымбат күрделі жобалардан суық ресайклинг әдісі бойынша үнемді орташа жөндеуге өтеміз. Жергілікті жолдарды дамытуға қосымша қаржы бөлуге қатысты Мемлекет басшысының Нұр Отан партиясының сиезінде берген тапсырмасын орындау аясында қаржыландыру жыл сайын 200 миллиард теңгеге артатын болады. Осындай қарқын келесі жылдарда да сақталады. Бұл 2025-ші жылға дейін шамамен 35 мың шақырым жолды жөндеуге және 95% жергілікті маңызы бар автожолдардың жағдайын жақсаратуға мүмкіндік береді», - деп хабарлады министр.

Мемлекеттік бағдарлама басталғалы бері (2015-2018 жылдары) 230 млрд. теңгенің 404 жобасы іске асырылды. 3 259,7 км жылумен, сумен жабдықтау және су тарту жүйелері, 24 қазандық, 71 басқа құрылыс нысандары салынды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2015 жылдан бері жүйелердің тозуы 67%-тен 57%-ке дейін төмендеді. 2019 жылы 175 километр инженерлік инфрақұрылымды (41 км жылу желілері, 135 км сумен жабдықтау және су бұру желілері, сондай-ақ 3 бірлік басқа объектілер) қайта жаңғыртуға және салуға 37,9 млрд. теңге көзделген. Сумен жабдықтаудың және су тартудың өзекті проблемаларын шешу үшін жыл сайын қосымша 20 млрд. теңге бөлінетін болады.

Министрдің айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру ел экономикасына әлеуметтік-экономикалық оң әсерін тигізді. Көлік инфрақұрылымының жай-күйі жақсарды, бұл республикалық автомобиль жолдарының, магистральдық темір жол желілерінің, логистикалық инфрақұрылымның өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, тұрғындар үшін көлікке қолжетімділік артты және бизнес үшін көлік шығындары төмендеді.

«Тек өткен жылдың өзінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты өсімі 6,1%-ке артып, шамамен 1,5 трлн. теңгені құрады. Бұл ретте, көлік қызметтерінің көлемі 4,6%-ке, еңбек өнімділігі 3,4%-ке өсті. Барлық жобаларды іске асыру барысында 127 мың уақытша және 34 мың тұрақты жұмыс орны құрылды», - деді бағдарламаның жетістіктерін айтқан Роман Скляр.

Көлік саласын дамыту бойынша алға қойылған міндеттерді одан әрі іске асыру «Нұрлы Жол» 2025-ші жылға дейін Мемлекеттік бағдарламасында көрініс табады. Әзірленетін бағдарлама аясында инфрақұрылымдық дамудың жаңа саясаты бірнеше қағидаттарға негізделетін болады. Атап айтқанда, облыстық және аудандық деңгейге баса назар аудара отырып, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, көлік түрлерін бірыңғай жүйеге біріктіру контекстінде көлік инфрақұрылымын дамыту, интеллектуалдық технологияларға, цифрландыруға және жаһандық жүйелерге интеграциялауға негізделген шешімдердің басымдығы. Қазіргі уақытта министрлік Тұжырымдаманы әзірлеуде және оны жылдың соңына дейін қабылдайтын болады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті