Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2506/19
Глава МИИР РК рассказал о реализации предвыборной программы Президента Казахстана

ҚР ИИДМ басшысы Қазақстан Президентінің сайлау алдындағы бағдарламасын жүзеге асыру туралы баяндады

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау алдындағы бағдарламасын іске асыруға кірісті.

"Біздің ведомство екі бағыт бойынша жауапты болып белгіленді: "Қолжетімді баспана" және "Бірінші класты инфрақұрылым". Сайлау алдындағы бағдарламаны іске асыру үшін ағымдағы жылдың соңына дейін бізде 2020-2025 жылдарға арналған үш негізгі мемлекеттік бағдарламаны: Нұрлы жол, Нұрлы Жер және ИИДМБ әзірлеп, қабылдау міндеті тұр. Қазір барлық үш бағдарлама әзірленіп, келісу сатысында тұр. Әзірленіп жатқан мемлекеттік бағдарламалардың жаңалықтары туралы қысқаша айтып беруге рұқсат етіңіздер", - деді Роман Скляр Үкіметінің баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде.

"Нұрлы жол" бағдарламасының жобасы бойынша»:

Жаңа мемлекеттік бағдарлама шеңберінде шамамен мың км қайта жаңарту және 11 мың км республикалық маңызы бар автожолдарды жөндеу жоспарлануда, 12 мың км ақылы түрде жергілікті маңызы бар 30 мың км автожолға барлық жұмыс түрлері (жөндеу, құрылыс және қайта жаңарту) жүргізілетін болады. Осылайша, Республикалық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 2025 жылға қарай 100% - ға дейін, ал жергілікті маңызы бар жолдардың 95% - ға дейін жеткізілетін болады. 10 әуежайды, терминалды және жергілікті әуе желілерінің 16 әуеайлағын салу және қайта жаңарту, шамамен 3 мың км магистральдық темір жол желісін жаңғырту көзделуде.

"Нұрлы жер" бағдарламасының жобасы бойынша»:

Тұрғын үймен байланысты өткір әлеуметтік проблемаларды шешу мақсатында ИИДМ қолда бар барлық тұрғын үй бағдарламаларын бірыңғай тұрғын үй бағдарламасына шоғырландырады. Онда тұрғын үйдің құрылысы мен бөлінуіне қатаң бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі пәрменді шаралар салынатын болады. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында көп балалы отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін 7 жыл ішінде жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға 350 млрд.теңге (жыл сайын 50 млрд. теңгеден) қарастырылған. Бұл 2025 жылға дейін жыл сайын 6 мыңнан 40 мың жалгерлік тұрғын үй салуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Мамыр айынан бастап 1480 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін 7 мыңнан астамотбасы қамтамасыз етіледі.

ИИДМ бағдарламасының жобасы бойынша:

Бағдарлама жобасы әзірленді және қазір келісу сатысында. Жаңа бағдарламада салалық басымдықтардан индустриялық экспортқа бағдарланған кәсіпкерліктің басымдық пайдасына көшу жүзеге асырылатын болады. Өңдеуші өнеркәсіптің барлық салаларындағы кәсіпорындарды"қолдау"орта және жоғары технологиялық тауарлар мен қызметтерді экспорттаушыларды екпінделген  «ынталандыруға»  ауыстыратын болады. Қолдаудың мәлімдемелік принципі ынталандырудың конкурстық қағидатына қарай өзгертілетін болады. Мемлекеттік ынталандыру шаралары нақты нәтижелерге қол жеткізу бойынша бизнестің қарсы міндеттемелеріне (экспорттың өсуі, жаңғырту т.б.) алмасуға көрсетілетін болады.

"ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасында қарастырылған барлық іс - шаралар сапалы және уақтылы орындалады", - деп атап өтті Роман Скляр.

Глава МИИР РК рассказал о реализации предвыборной программы Президента Казахстана

Глава МИИР РК рассказал о реализации предвыборной программы Президента Казахстана

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті