Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0310/19
Казахстанский дорожный научно-исследовательский институт отметил 60-летний юбилей

ҚазжолҒЗИ 60 жылдық мерейтойын атап өтті

Алматыда ҚазжолҒЗИ-ның 60 жылдығына орай «Жол құрылысының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Шараға ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің, «Жол активтері сапасы ұлттық орталығының» РМК, «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ, «Қазақавтожол» ЖШС өкілдері, жобалау және мердігер компаниялар, қазақстандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ материалдар мен технологияларды өндірушілер қатысты.

«Институт 2002 жылы ТМД-да алғаш рет отандық стандарттарды шетелдік баламаларға теңестіре отырып, жақсарту сияқты маңызды мәселені шешуге кірісті. Қазіргі таңда 116 ұлттық стандарт әзірленіп,  кеңінен қолданылуда. «Техникалық реттеу туралы» заңға сәйкес 5 техникалық регламент, 2014 және 2015 жылдар аралығында Кедендік одақтың 11 мемлекетаралық стандарты әзірленді. ҚазжолҒЗИ аталмыш процесстің жүзеге асуына өзінің сүбелі үлесін қосып келеді», – деп атап өтті ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов.

ҚазжолҒЗИ бүгінгі таңда жол-құрылыс материалдары сапасын бағалау және бақылау саласында республика бойынша алдыңғы қатарда. «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті Бағдат Телтаевтың айтуына қарағанда, 2013 жылдан бері көпфункционалды көшпелі зертхана кешенінің көмегімен автомобиль жолдарының 9081 шақырымы мен 545 көпір нысаны диагностикадан өткізіліп, жалпы ұзындығы 10284 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын паспорттау бойынша жұмыстар атқарылды.

«ҚазжолҒЗИ-ның ғалымдары саладағы инженерлік мәселелердің кең шоғырын шешумен айналысады. Институт көмір жыныстарынан нанокөміртекті ұнтақты алу технологиясын әзірлеп жатыр. Сондай-ақ, аталмыш ұнтаққа битумды қосу да зерттелуде. Мұнымен қоса, біз көпірлерді салу және жөндеу тәжірибесіне жаңа материалдар мен технилогияларды енгізудеміз: арнайы жөндеу және прогрессивті гидроизолязиялық  материалдар», –  деді Бағдат Телтаев.

Конференция барысында жол саласын дамыту тақырыбындағы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың баяндамалары тыңдалды. Халықаралық конференцияның қатысушыларына ҚазжолҒЗИ-ның мерейтойлық медальдары табысталды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті