Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1806/19
Программу третьей пятилетки индустриализации планируют утвердить в МИИР РК до конца 2019 года

Индустриаландырудың үшінші бесжылдығы бағдарламасын 2019 жылдың соңына дейін бекіту жоспарлануда

Бағдарламаның жобасы әзірленді және ішкі келісуден өтуде. Шілде айында қоғамдық кеңес алдында жобаны таныстыру жоспарлануда.

"Ағымдағы жылы өсімнің негізгі драйвері Нұрсұлтан Назарбаев бастаған "қарапайым заттар экономикасы" салаларын жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы болды. Бағдарламаға бөлінетін 600 млрд. теңгенің, 400 млрд.теңгесі өңдеу өнеркәсібіне бағытталды. Бұл қазақстандықтардың күнделікті қолданатын 250-ге жуық өнеркәсіптік тауарлар өндірісін іске қосуға мүмкіндік береді", - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысы Роман Скляр.

Оның мәліметінше, бизнесті жеңілдетілген қаржыландыру 2025 жылға қарай шамамен 16 мың тұрақты жұмыс орнын құруға, бюджетке 1,1 трлн. салықтық түсімдердің өсімін арттыруға, "қарапайым заттар экономикасы" өнімі импортының үлесін 59%-дан 37%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні жеңіл, жиһаз өнеркәсібі мен құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған Жол карталары бекітілді және іске асырылуда.

Роман Склярдың ақпараты бойынша келесі басты бағыт елдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту болып табылады. Бүгінгі күні елдің көлік саласы өсімнің оң динамикасын көрсетуді жалғастыруда. Мәселен, 5 айдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексі 5,3%-ға артты. Жалпы көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау көлемінің 3,7%-ға (1 525,5 млн.тонна) өсуі байқалады. Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен 47%-ға өсті (2018 жылдың қаңтар–мамыры-162,9 мың ЖФЭ) және 240 мың ЖФЭ құрады.

"Сонымен қатар, қазіргі уақытта 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Ел ішінде барлық қажетті инфрақұрылым салу арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту басымдықта болады. Жаңа мемлекеттік бағдарлама жайлы өмір сүру ортасы үшін көлік инфрақұрылымын құруға, халықтың инфрақұрылымға қол жеткізуіне, халықтың ұтқырлығын арттыруға, еңбек өнімділігін өсіруге және т.б. бағытталатын болады", - деп атап өтті министр.

Атап айтқанда, мемлекеттік бағдарлама өңірлік даму аспектілерін ескере отырып, жергілікті желілер бойынша автомобиль жолдарын, әуежайларды, жол сервисін және басқа да көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталатын болады. Мемлекеттік бағдарламаны бекітуді осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда, бүгінгі күні мемлекеттік бағдарламаның тұжырымдамасы әзірленді және мақұлданды, сондай-ақ жұмыс тобының құрамы бойынша өкімі бекітуге енгізіледі. Ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстанның көлік саласының жүйелі және ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ететін көлік мәселелері жөніндегі заң күшіне енді.

"Қазіргі уақытта біз 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық мемлекеттік бағдарламасының даму тұжырымдамасын әзірледік. Тұтастай алғанда, Бағдарлама коммуналдық және тұрғын үй құрылысының барлық мәселелері шоғырланатын, оны одан әрі іске асырудың сапалы жаңа жолына бағытталады. Біздің мақсатымыз тұрғын үй құрылысы, сумен жабдықтау, коммуналдық секторды жаңғырту, үйлерді жөндеу және нормативтік-техникалық құжаттаманы жетілдіру бойынша міндеттерді кешенді шешу есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды жалғастыру", - деп атап өтті Роман Скляр.

Программу третьей пятилетки индустриализации планируют утвердить в МИИР РК до конца 2019 года

Программу третьей пятилетки индустриализации планируют утвердить в МИИР РК до конца 2019 года

Программу третьей пятилетки индустриализации планируют утвердить в МИИР РК до конца 2019 года

Программу третьей пятилетки индустриализации планируют утвердить в МИИР РК до конца 2019 года

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті