Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0410/19
Участники конференции КаздорНИИ посетили автодороги в Алматинской области

Халықаралық конференцияның қатысушылары Алматы облысындағы жолдарды көріп қайтты

ҚазжолҒЗИ-ның 60 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық конференцияның қатысушылары техникалық тур аясында «Алматы-Қапшағай», «Алматы-Қорғас» жолдарды көріп, «Алматы-Қорғас» жолындағы төлем қабылдау жүйесімен танысты.

Жол саласының мамандары мен ғалымдарға ақылы жол учаскелеріндегі төлем қабылдау жүйесі жұмысының механизмі көрсетілді.

Сарапшылар Қазақстандағы ақылы жолдарға қатысты жобаларды, сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интеллектуалды көліктік жүйені енгізу, жаңа технологиялар мен материалдарды қолдану жайын талқылады.

Еске салайық, Алматыда ҚазжолҒЗИ-ның 60 жылдығына орай «Жол құрылысының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткен болатын. Шараға ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің, «Жол активтері сапасы ұлттық орталығының» РМК, «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ, «Қазақавтожол» ЖШС өкілдері, жобалау және мердігер компаниялар, қазақстандық және шетелдік ғалымдар қатысты.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті