Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2709/19
В Атырауской области досрочно отремонтировали участок трассы А-33 «Доссор-порт г. Актау»

«Доссор-Ақтау қ. порты» учаскесіндегі жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды

Жолшылар Атырау облысындағы А-33 «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау қ. порты» автожолының 50 шақырым учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтады. Жоспарға сәйкес 69-119 шақырым аралығындағы учаскеде жұмыстар 2020 жылы аяқталуы тиіс еді.

Аталмыш учаскедегі орташа жөндеу жұмыстары «ЧипСил» технологиясының көмегімен жүзеге асты. Бұл – қарапайым технология. Тұтқыр қоспа мен инертті материалды орнатып, нығыздау жұмыстарын жүргізгеннен кейін жол жабынында ерекше төзімді қабат пайда болады. Оның антибликті және жабысу қасиеттері де жоғары. «ЧипСил» кішігірім жарықтарды жамап, асфальтбетонның жоғарғы қабатын судың әсерінен қорғайды. Заманауи технологиялар арқылы жасалған жолдарға кететін шығын 50% төмендеп, жолдың қабаты төзімді, қауіпсіз және ұзақ мерзім пайдалануға жарамды болады.  


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті