Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1204/19
В 2019 году продолжается ремонт автодороги Сарыагаш-Шардара

Биыл Сарыағаш-Шардара автожолын жөндеу жұмыстары жалғасады

«Сарыағаш-Шардара» бағыты республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдармен қосылады, оның жалпы ұзақтығы 126 шақырым.

Ұзақтығы 26 шақырым болатын Сарыағаш-Абай» учаскесі республикалық маңызы бар «Жизақ-Гагарин-Жетісай-Киров-Қызыл әскер-Абай-Сарыағаш-Жібек жолы» автожолымен өтеді. Бұл учаскенің техникалық жағдайын күтіп ұстау үшін биыл шұңқырларын тегістеп, жолдың басқа да ақауларын қалпына келтіру жұмыстары орындалатын болады.

Сонымен қатар, биыл аталған автожолдың «Абай-Қызыл әскер» учаскесінде ұзақтығы 31 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, оған 1,5 млрд.теңге қарастырылды.

Жалпы ұзақтығы 88 шақырым болатын облыстық маңызы бар «Абай-Шардара»  учаскесі жергілікті атқарушы органның қарамағында. Сондықтан, жергілікті бюджет есебінен жөнделіп келеді.

Түркістан облысы әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпараты бойынша, 2018 жылдан бері автомобиль жолының 68-88 шақырым учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 313,4 млн. теңге қаржы бөлінді (жергілікті бюджеттен 100,0 млн. теңге)

Жұмыстарды аяқтау үшін паритетті негізде жергілікті бюджеттен  биыл 225,8 млн. теңге бөлінді. Бұл учаскедегі жөндеу жұмыстарының жалпы құны 639,2 млн. теңге.

 

 

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті