Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1305/19
Берик Камалиев побывал с рабочей поездкой в Восточно-Казахстанской области

Берік Камалиев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды

Өткен демалыста Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында болды және «Талдықорған – Өскемен» жолының 287-1073 км және  «Қалбатау – Майқапшағай»  жолының 906-1321. км жол учаскелерін аралап көрді .

Вице-министр «Талдықорған – Өскемен» автожолдарын қайта қалпына келтіру  барысын тексерді . Жобаны қайта қалпына келтіру шеңберінде  жол құрылысы жұмыстары  615 км ден 1073 км дейін Шығыс Қазақстан облысына тиесілі (ұзындығы- 458км). Жобаның мердігерлері «К-Дорстрой» АҚ және де  «Todini Central Asia » ЖШС.

Аралаудың  келесі нысаны «Қалбатау – Майқапшағай»  жолының 906-1321. км учаскесі болды. Жол учаскесінің жалпы ұзындығы 415 км. құрайды. Ағымдағы кезеңде осы учаскеде жол төсемінің құрылысы және көпір құрылыстарында аралықтар орнату.жұмыстары орындалуда. 2019 жылдың соңына дейін 906-915 км ұзындықтың барлығына жол қозғалысын ашу жоспарланған.

Жұмыс сапары шеңберінде  Алматы және Шығыс Қазақстан облысы әкімдіктерімен  кеңес өткізілді, онда вице-министр мердігерлер мен құрылысты бақылау қызметіне барлық жүргізілетін жұмыстарды жылдамдату, ал Тапсырыс берушінің өкіліне жүргізілетін құрылыс операцияларына бақылауды күшейту туралы  тапсырмалар берді.

Тұтастай алғанда, «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автомобиль жолдары бойынша 2019 жылы ұзындығы 268 км жол қозғалысын ашу жоспарлануда.

Барлық атқарылатын жұмыстар көлемін 2022 жылы аяқтау көзделіп отыр.

Берик Камалиев побывал с рабочей поездкой в Восточно-Казахстанской области


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті