Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2608/19

Автомобиль жолдары комитетінде Қазақстанның жол желісін диагностикалау бойынша семинар өтті

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті 2018 жылы қауіпсіз жол қозғалысы және жол жұмыстарының сапасын, сондай-ақ,  жолдарды жөндеу және оларды күтіп ұстау кезіндегі жұмыстардың ресурстық бағасын қалыптастыру жүйесін бақылауды күшейтудегі автомобиль жолдары саласының нормативті-техникалық базасын жетілдіру бағдарламасын іске асыруға кіріскен болатын.

Жоба аясында Беларусь елінен тартылған мамандар 2 жыл бойы жол қозғалысының қауіпсіздігі және жөндеу жұмыстарын бақылау сияқты бес бағыт бойынша республикамызда кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады.

«Барлық жүйелер өзара байланысып, жол активтерін басқарудың бірыңғай жүйесіне енуі керек. Біз әр бағыт бойынша кезең-кезеңімен жұмыс істеп, Автомобиль жолдары комитетінің қызметкерлерімен өзіміз жинаған мәліметтермен бөлісетін боламыз», – деп атап өтті «Белдорцентр» кәсіпорнының көпірлер мен жолдарды диагностикалау басқармасының басшысы Юрий Буртыль.

Жоба шеңберінде Беларусь автожолдары саласының мамандары Автомобиль жолдары комитетінің қызметкерлері үшін семинар өткізді.

«Автомобиль жолдары комитетінің біздің алдымызға қойған міндеттері бойынша қазақстандық әріптестеріміз үшін бірқатар ұсыныс дайындадық. Сондай-ақ, біз Беларусь елінің жол саласын цифрландырудағы тәжірибемізбен бөлісеміз. Біздің жүйе толығымен қалыптастырылған. Ол тұрақты түрде әрі белгілі бір тәртіп бойынша жұмыс істейді. Арнайы веб-жүйелер дайындалған», – дейді маман. 

Айта кету керек, жол активтерін басқарудың қазақстандық жүйесі заманауи цифрлық мәліметтер базасындағы жол активтері туралы ақпаратты ұйымдастыруға, сондай-ақ, жол желісін күтіп ұстау және жөндеу жұмыстарын басқаруға арналған. 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті