Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0110/19
На 54 км автодорог республиканского значения до конца года завершат средний ремонт в Актюбинской области

Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар автожолдың 54 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады

Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды.  Бұл – «Ақтөбе-РФ шекарасы (Орск)» автожолының 90,55-110 км мен 110-136,8 км аралығы  және «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы (Оренбург)» автожолының 90-93 км учаскесі. Аталмыш учаскелерде жолдың жиегі бекітіліп, төзімділігімен ерекшеленетін қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон жабыны төселді. Сонымен қатар, жаңа жолақтар салынып, жол белгілері орнатылды. 

Қазіргі таңда жолшылар «РФ шекарасы (Самара)-Шымкент» тасжолының 965-990 км учаскесінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеуде. Мұнда биыл жол жабынының 7 шақырымы жөндеуден өтті. Учаске бойынша жоспарланған жұмыстар келесі жылы толық аяқталмақ.

Мұнымен қоса, «РФ шекарасы (Самара) - Шымкент» автожолының 965 шақырымында орналасқан демалыс алаңындағы жөндеу жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, жолшылар «Ақтөбе қаласының Солтүстік айналма жолы» автожолының 19 шақырмындағы демалыс алаңын жарықтандыруда. Жоспар бойынша аталмыш нысандар 2019 жылдың қазанында пайдалануға беріледі.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті