Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0309/19
Запущена объездная автодорога Актобе-Атырау

Ақтөбе-Атырау айналма жолы іске қосылды

"Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханьға)" автожолының 853-893 км учаскесінде ұзындығы 21,1 км айналма жолы бойынша жол қозғалысы  ашылды.

Сондай-ақ, жол төсеушілер айналма жолды салу және өсімдік қабатын алу жұмыстарын аяқтады. Осы учаскедегі көпірлерде 5 технологиялық алаң салынды, екі көпір тіректеріне қадалар құйылды, сондай-ақ Кіші Күйген өзені арқылы өтетін көпірде қадаларды құю жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, жол пайдалану учаскесінің құрылысы аясында ғимараттың іргетасын құю жұмыстары орындалды. Қазір мамандар ғимараттың қабырғаларын, 10 бірлік техникаға арналған гараж, операторлық және құм базаларына қалау жұмыстарын жүргізуде.

Нысан құрылысына барлығы 158 адам қатысты, 132 жол-құрылыс техникасы жұмылдырылды. Жыл қорытындысы бойынша автожолдың 20 шақырымында жол қозғалысын ашу жоспарлануда.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті