Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2102/19
В 2019 году планируется охватить строительством и реконструкцией 4,4 тыс. км автодорог республиканского значения

2019 жылы республикалық маңызы бар 4,4 мың км автожол салынады және қайта жаңғыртылады

Бүгін Астанада ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің 2018 жылы атқарған жұмыс қорытындысы мен 2019 жылдың жоспарларын айқындауға арналған кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

Алқа мәжілісінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы, автожол саласының 2019 жылға жоспарланған негізгі міндеттері, құрылыс сапасына, республикалық және жергілікті желі автожолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға қатысты мәселелер талқыланды. Комитеттің алқа мәжілісіне ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек, «Қазавтожол» ҰК» АҚ, «Қазақавтожол» ЖШС, «Қазжол ҒЗИ» ЖШС-ң және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Бірінші вице-министр Роман Скляр атап өткендей, биыл бөлінген қаржыға республикалық маңызы бар 4,4 мың км автожол салынады және қайта жаңғыртылады. Сондай-ақ, 654 км жолда қозғалысты ашу, 1 600 км жолды жөндеу жоспарланып отыр. 2019 жылы Үкіметтік займ есебінен Автомобиль жолдары комитеті 4 жоба бойынша 553 км автожолда жұмыс жүргізеді. Олар: «Қандыағаш-Мақат» (299 км), «Жетібай-Жаңаөзен» (73 км), «Күрті-Бурылбайтал» (85 км), «Ұзынағаш-Отар» 2 учаске бойынша (54 км).

«Орталық-Шығыс дәлізі бойынша (905 км) жұмыс басталғалы 643 км жол пайдалануға берілді, биыл 262 км жолда құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Орталық-Оңтүстік дәлізі бойынша (1 292 км) жұмыс басталғалы бері Алматы-Қапшағай және Астана-Қарағанды бөлігінде 275 км жол пайдалануға берілді. Биыл дәліздің қалған бөлігінде құрылыс жұмыстары жүретін болады (1 017 км)», - деп хабарлады Роман Скляр.

Ақтөбе-Атырау-Астрахань автожолы бойынша Республикалық бюджет есебінен 120 км болатын Атырау-Астрахань және Қандыағаш-Мақат учаскелерінде жұмыстар жалғасады. Бүгінгі күні бұл учаскелер бойынша дайындық жұмыстары басталды, техника мен жұмысшылар шоғырландырылуда.

Алқа мәжілісінде автожол саласының проблемалық мәселелері бойынша  «BI RoadCostructions» ЖШС басқарма төрағасы Бауыржан Исабаев пен «Citic» ЖШС-ң бас директоры Ву Сяодун баяндама жасады. Сондай-ақ, «Қазжол ҒЗИ» ЖШС-ң президенті Бағдат Телтаев автомобиль жолдарын салу мен жаңғырту саласындағы жаңа технологиялар туралы айтты. Отырыс соңында нақты тапсырмалар берілді.

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Автомобиль жолдары комитеті